Қазақстан жаңалықтары15 қараша 2023, 17:35

Шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңгенің активі мен мүлкі қайтарылды

Құқық қорғау органдары шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңгенің активтері мен мүлкін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әрине, белгілі бір нәтижелер бар. Өздеріңіз де білетіндей, активтерді қайтару жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдың басында басталған еді. Бүгінде құқық қорғау органдарымен шамамен 1 трлн теңгенің активтері мен мүлкі мемлекетке қайтарылды. Оның 600 млн долларға жуығы өзге юрисдикциядан қайтарылған активтер саналады. Егер нақтырақ айтар болсақ, менің білетінім Араб Әмірліктерінен шамамен 15 млн доллар, Аустриядан 82 млн доллар, Лихтенштейннен 260 млн доллар, Гонконгтан 2 млн доллар қайтарылды. Жалпы, мысал өте көп. Соған орай юрисдиция да әртүрлі», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, шетелден бөлек еліміздің ішіндегі активтер де мемлекетке қайтарылып жатыр. 

«Ақша қаражатынан бөлек ірі компаниялардағы, базарлардағы, қонақүйлердегі, бизнес орталықтарындағы үлес, акциялар, таңдаулы жерлер қайтарылды. Тіпті еліміз үшін стратегиялық маңызға ие теміржолдар да бар», - деді Ғабит Садырбеков. 

Шетел Актив Мүлік қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар