Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары29 шілде 2024, 16:23

Шілденің соңы мен тамыздың басында 41 градус ыстық келе жатыр

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде — 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. Батыс антициклонның әсеріне қарамастан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық болады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады деп болжанып отыр.

ФОТО: DepositphotosDepositphotos

тамыз 41 градус ыстық Қазгидромет 30 шілде — 1 тамыз

Тақырыпқа жаңалықтар