Қазақстан жаңалықтары23 мамыр 2024, 22:26

Сот орындаушы өзге алиментті өз баласының шотына аударып отырған

Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударып отырған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өндіріп алушы борышкерге шара қолдануды өтініп сот орындаушыға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.

Жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Астана сот орындаушы Алимент өз шшоты

Тақырыпқа жаңалықтар