Қазақстан жаңалықтары18 сәуір 2024, 14:51

Спортшылардың Парижде киетін формасы неге шетелде тігіледі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына киіп баратын киімдер неге шетелде тігілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Спортшылардың формасы неге шетелде тігіледі? Қазақстанда тігетін адам жоқ па?» - деп сұрады журналист.

Министр спортшылардың формасы демеушілердің қаржысына тігілетінін атап өтті.

«Себебі, қаржы - демеушілерден. Сондықтан шетелде тігіледі», - деп қысқа қайырды Ермек Маржықпаев.

Әзірге спортшылардың киімін тігуге демеушілер қанша ақша жұмсайтынын дөп басып айту қиын екенін айтты. Өйткені Парижге неше спортшы баратыны белгісіз.

«Қазір қаржы туралы айта алмаймыз. Себебі, оны санап жатырмыз. Әзірге соманы білмейміз. Қазір (Париж Олимпиадасына) қанша спортшы баратынын анықтау керек. Бүгінде елімізде 32 лицензия бар. Ол – 31 адам. 50-70 лицензия аламыз деген сенімдеміз. Соған қарай қанша қаржы керегін көреміз», - деді министр.

Ермек Маржықпаев Олипиада спорттық форма

Тақырыпқа жаңалықтар