Placeholder ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранды
Фото: ШҚО ТЖД
ŞQO TJD
Қазақстан жаңалықтары8 қазан 2024, 9:00

ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында егін жинау кезінде комбайн өртенді. Оқиға Алтай ауданы Ермаковка ауылында болған. "Есіл-760" маркалы комбайнда күнбағыс жинау кезінде өрт шықты. Сол жерге өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 20 шаршы метр аумақты құраған қызыл жалын толықтай ауыздықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына барынша абай болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

 

ШҚО комбайн Өрт Алтай ауданы

Тақырыпқа жаңалықтар