Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 17:26

Starlink-ті өз еркімен қосқандарға айыппұл салынады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитеті байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов Starlink интернет технологиясына жеке адамның қосылуы мүмкіндігіне түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

SpaceX компаниясының Starlink интернет технологиясына жеке адамдардың қосылуын заңнамалық реттеу мүмкіндігі туралы не білеміз?

«Қазір ғаламторда Starlink-ке арналған құрылғылар сатылып жатыр. Бұл құрылғыларды іске қосу заңды ма?», - деп сұрады журналистер.

«Жарнамалар кездесіп жатыр, ал тиісті органдар осыған қатысты түсіндіріп жатыр. Оны дәл осы нұсқада пайдалану қолданыстағы заңнама талаптарын бұзады, себебі қауіпсіздіктің кейбір ережесіне сай келмейді. Пилоттық жоба (еліміздегі мектептерді Starlink-ке қосу) аясындағы техникалық жұмысы аяқталып, заңға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін аталған құрылғыларды жеке адамдардың пайдалануы заңсыз», - деді Д. Төлегенов.

Заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін қазақстандықтар бұл жабдықтарды пайдалана алады. Қазір осы құрылғыларды заңсыз қосқандар бастапқыда ескерту алады. Егер бұл дерек қайталанса, онда 10 АЕК сомасында айыппұл салынады.

 

Starlink Айыппұл Диас Төлегенов

Тақырыпқа жаңалықтар