Placeholder
Фото: ТЖМ
TZHM
Қазақстан жаңалықтары28 шілде 2024, 10:57

Шымкенттегі күкірттің өртенуі: Тілсіз жау оқшауланды, жұмыс қауырт жүріп жатыр

Шымкенттегі күкірт өрті оқшауланды. Оқиға орнында 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп жатыр. Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірттің жануы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жария етті. 

ТЖМ күштері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, жедел штаб ұйымдастырған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы келіп,ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды.

«Инертті материалдарды төсеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта әуе-мехникалық көбік беру арқылы ашық өрт ошақтары сөндірілуде. Оқиға орнында өртті сөндірудің үш жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Оттың таралу қаупі жоқ» делінген ТЖМ хабарламасында.

Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне оралды.ТЖМ, ЖАО, ӨККД,102, 103, СЭС жеке құрамынан 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ-дан 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылуда. Өрттің себебі анықталуда.

 

Шымкент күкірт Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар