Шымкенттің экс-әкімінің ағасына қатысты сот шешімі шықты
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Шымкенттің экс-әкіміінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты үкім шығарды. Соттың шешіміне сәйкес, Марат Әйтенов 12 тәулікке қамауға алынды. «1978 жылы туған Марат Әйтенов қылмыстық кодекстің „ұрып-соғу“ бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын», — делінген сот үкімінде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Айыптаудың мәні:
А. сот шешімінің негізінде сот орындаушыларының талабына сай көшіру барысында Д.-ға, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, келтірілген дене жарақаттары салдарынан экс жұбайының денесі көгеріп, қанталаған болатын.
Сотталушының кінәсі оқиға орнында түсірілген бейне жазба сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың қорытындысына әрі істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.