Қазақстан жаңалықтары4 шілде 2024, 13:31

«ШЫҰ ондығы»: Беларусьті ұйым құрамына қабылдау туралы құжаттар рәсімделді

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шанхай рухын нығайту және Шанхай принциптерін ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Біздің бірлестігіміздің бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Республикасының Президенті құрметті Александр Григорьевич Лукашенкоға қош келдіңіз демекпін», - деді саммит барысында Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Беларусь ШЫҰ-ға толыққанды мүше болу жолында қажетті рәсімдердің бәрін орындаған.

«Егер қарсылық болмаса отырысты Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастасақ», - деп ұсыныс жасады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдауға байланысты бірқатар құжатқа қол қойды.

 

ШЫҰ ондығы Беларусь құжаттар рәсімделді ұйымға қабылдау

Тақырыпқа жаңалықтар