Қазақстан жаңалықтары7 шілде 2024, 0:00

Талғар ауданында тұрғын үй мен автокөлік өртенді

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғын үйден өрт шығып, автокөлік жанып кетті. ТЖМ күштерімен үйдегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында жеке тұрғын үй мен жеңіл автокөлік өртенген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 43 минут ішінде 155 шаршы метр алаңда өртті жойды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Талғар Өрт тұрғын үй мен автокөлік Алматы облысы

Тақырыпқа жаңалықтар