Қазақстан жаңалықтары30 қараша 2023, 8:18

Тараздық жігіт тұрғындардың 13 млн теңгесін жымқырған

Тараз полиция басқармасына облыс орталығының бiрнеше тұрғыны арызданған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құрылыс компаниясының директоры үйге жөндеу жасаймын деп жалпы көлемі 13 млн 620 мың теңгесін алдап алып  кеткен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлiгi 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес, күдіктіге бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшiн мүлкi тәркiленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 25 жастағы Тараз тұрғыны ұстап, ол кiнәсін толық мойындап, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

 

Тараз алаяқ Құрылыс компаниясы

Тақырыпқа жаңалықтар