Қазақстан жаңалықтары11 мамыр 2024, 12:00

Тасқын: Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады

Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады. Индер ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін кірмежолды уақытша жабу туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Атырау-Орал тасжолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырымдық жолды су басу қаупі туындады. Осыған орай кірме жол жабылады», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Атырау облысының жедел штабының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 10 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген. Мәселен, түсқайта сағат 16:00-де Индербор кентінің тұсындағы су деңгейі 1019 сантиметр болған. Бұл қауіпті шектен 174 сантиметрге көп.

 

Атырау-Орал трасса Тасқын Индербор жол жабық

Тақырыпқа жаңалықтар