Қазақстан жаңалықтары5 қазан 2023, 11:11

Тергеу изоляторынан қарақалпақ белсендісі Мирманбетова босатылды

Алматыдағы тергеу изоляторынан тағы бір қарақалпақ белсендісі Зиуар Мирманбетова босатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл ақпарат қарақалпақ диаспорасының өкілі Ақылбек Мұратбайдың Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 

"Зиуар Мирманбетова бір жыл бұрын Өзбекстан полициясы мен арнайы қызметінің қатысуымен Қазақстан аумағында ұсталған болатын. Жалпы, Ташкенттің сұрауы бойынша шетелде қарақалпақ диаспорасының 5 өкілі тұтқындалды. Солардың бірі Тілеубике Юлдашева әлі Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр", - деп жазды Ақылбек Мұратбай.

 

Зиуар Мирманбетова қарақалпақ Тергеу изолятор

Тақырыпқа жаңалықтар