Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 9:19

Топардағы сібір жарасы: Науқастардың бірі көз жұмды

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған барлық шараларына қарамастан, сібір жарасымен жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Науқастың өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Сібір жарасын жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.

Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды. Елдімекеннен сібір жарасы табылған болатын. 

Қарағанды облысы сібір жарасы қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар