Placeholder
Фото: Арман Мұқатов
Arman Muqatov
Қазақстан жаңалықтары4 қыркүйек 2024, 13:23

Түлектердің ЖОО-ға түсуіне мүмкіндік беретін шекті балл өзгереді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде филиалдарын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарына бірыңғай талап қойылатынын мәлімдеді. Мұндай талапқа оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарын, оқыту технологиясын және студенттердің білімі мен біліктілігін бағалау механизмдерін трансферлеу шаралары енгізіледі. Мұндай шарттар қазан айының соңына дейін әзірленеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

ЖОО-лардың білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында келер жылдың 1 сәуіріне дейін жоғары оқу орындарының білім сапасын тәуелсіз бағалау ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министрдің орынбасары білім беру гранттарына қатысты өзгерістер болатынын қоса жеткізді.

«Алдағы жылдарда гранттар жоғары оқу орындарының кіретін лигасына қарай және ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алған, бірақ конкурс аясында өте алмай қалған түлектерді қолдау мақсатында сараланатын немесе дифференциаланатын болады. Сонымен қатар осы өзгерістер аясында жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін шекті балдар да қайта қарастырылады», деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

шекті балл ЖОО түлектер

Тақырыпқа жаңалықтар