Қазақстан жаңалықтары28 қараша 2023, 13:26

Түнгі клубта төбелескен Ақтау полицейлері қызметінен шеттетілді

Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.

Ақтау полицейлер түнгі клуб Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар