Placeholder Түркістан: Адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: ІІМ
IIM

Түркістан: Адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адам ұсталды

Жергілікті тұрғынға танысын өлтірмек болды деп айып тағылған болатын. Қазір күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды» - деп таратты ведомство. 

 

Түркістан полицей Күдікті ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар