Қазақстан жаңалықтары31 шілде 2024, 19:56

Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға батып кеткен қыздың мәйіті табылды

Бойжеткен фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен. Құтқарушылар қыздың денесін сағат 16:10-да судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оқиға Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болды. Достарының айтуынша, жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің 6 қызметкері мен 3 техникасы және жергілікті атқарушы органдардан 11 адам іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Бүгінгі іздестіру жұмыстары Төлеби ауданында сағат 16:00-да басталды. Содан 16:10 шамасында жасөспірім қыздың денесі Сайрам су өзенінен табылды. Мәйітті полиция қызметкерлеріне табыстадық. Азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Кеше Түркістан облысында жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, шілденің басында хабарлағанымыздай, шомылу маусымы басталғалы елімізде 70 адам суға кетіп мерт болған.

Түркістан облысы селфи мәйіт Сайрам су

Тақырыпқа жаңалықтар