Placeholder Түркістан облысында сұңқар тектес құстардың саны азайып кеткен
Фото: uniface.kz
uniface.kz
Қазақстан жаңалықтары20 тамыз 2024, 13:00

Түркістан облысында сұңқар тектес құстардың саны азайып кеткен

Ерекше қорғауға алынған құстарды заңсыз аулаушылар жауапқа тартылып, 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.1 тамыз-31 қазан аралығында еліміздің 12 аймағында «Сұңқар» кең көлемді табиғатты қорғау акциясы өтеді. Басты мақсат - «Қызыл кітапқа» енген сұңқар тектес құстарды ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз аулау қызметін анықтау және оларды қорғау, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы «Охотзоопром ӨБ» Қызылорда өңірлік филиалы басшысының орынбасары Нуриддин Қасымов мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сұңқар» кең ауқымды акциясы - Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарының және көршілес облыстардың іргелес аудандарының аумақтарында өтеді. Аталған өңірлерде сұңқар тектес құстардың мекен ететін аумақтарын қорғау жұмыстары ұйымдастырылады. Оған мекеменің 163 инспекторы, 80-ге жуық арнайы көлік, «дрон» аппараттары, түнгі көру құрылғылары қолданылады. Айта кетерлігі, қазіргі таңда мекеме тарапынан қызыл кітапқа енген аң-құстарды заңсыз аулаумен айналысатындарға қарсы арнайы жедел топ құрылды», - деді Нуриддин Қасымов.

Ал, Түркістан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының бас маманы Зайыр Үстеновтың айтуынша, облыс аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында сұңқар тектес құстар өмір сүреді. Дегенмен, соңғы жылдары аталған құстардың саны күрт азайып кеткен. Қазіргі таңда қорықтарда 100-150 жұп қана сұңқар тектес құс бар. Сала мамандары ерекше қорғауға алынған құстарды заңсыз аулаушылар жауапкершілікке тартылып, 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтіндігін ескертті.

Түркістан облысы сұңқар

Тақырыпқа жаңалықтар