Қазақстан жаңалықтары30 маусым 2024, 0:40

Түркістан облысында ыстықтан асфальттағы бетон плиталар көтеріліп кетті

Түркістан бағытында 45 градус ыстықтан республикалық маңызы бар М-32 «РФ (Самара) - Шымкент» автожолының 2155 шақырымында цемент-бетон плиталар көтеріліп кетті.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевтың айтуынша, жолдың бұзылған бөлігіндегі ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарына 4 техника мен 10 адам жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2155 шақырымда көтерілген бетон плиталар бойынша «KAZHservice» ЖШС арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Керекті жол белгілерінің барлығы орнатылды. Кеше асфальт салынды. Жалпы, жолда көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Бір тәулік ішінде жұмыстар толығымен аяқталды. Көліктер тоқтаусыз жүріп жатыр. Қателеспесем, өңірде күн райы 45 градустан жоғары болды», - деді Қанат Жолтаев.

 

 

Түркістан облысы Асфальт Ыстық

Тақырыпқа жаңалықтар