Placeholder
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Türkistan taz äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары30 тамыз 2024, 20:02

Түркістаннан Астанаға «Бірлік керуені» келе жатыр

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған орай Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, елордаға жолға шықты. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықхана бұлақ суы құйылған торсықты Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі Ғалымжан Изжанов тапсырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өту бағыты спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондықтан маңызды шараның өтуіне өңір спортшылары ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де атсалысатын болады. Бұл жобада әр облыстың белігілі спортшылары бастаған керуен жергілікті жердегі қасиетті бұлақтар мен құдықтардан су алып, арнайы торсықпен Астана қаласына жеткізетін болады. Осыған орай, су алу рәсімін өткізуде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықханабұлақ көзі таңдалып отыр. Қазір ғана біздің спортшыларымыз бастаған арнайы топ құдықхана ішінен су алып, алдарыңызға келді. Мен осы орайда, көшпенділер ойындары өтетін негізгі алаңға облыстың ыстық сәлемін, қасиетті суды жеткізетін керуенге сәттілік тілеймін! Бұл додада ел намысын қорғайтын облыс спортшылары қуантарлық нәтиже көрсетеді деп сенемін», – деді Ертай Алтаев

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.

Бірлік керуені Түркістан Астана көшпенділер ойындары

Тақырыпқа жаңалықтар