Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2023, 9:15

Түскі үзілісте полицей формасымен қалыңдығына сақина тақты

Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жоралғыға ол полиция формасын киіп барған. 

«Осындай ерекше күнде форма киіп бару — мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсетемін», — дейді жас офицер.

Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асхат Алметовтың айтуынша, лейтенант Мамедов өзінің түскі үзілісін пайдаланғандықтан ешқандай заң бұзу фактісі болған жоқ. 

«Қызмет етіп жүргеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайды. Ол бүгінде әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды», — дейді Асхат Алметов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жамбыл Облысының Полиция Департаменті (@zhambyl_police)

Шу полицей қалыңдық құдалық

Тақырыпқа жаңалықтар