Қазақстан жаңалықтары9 желтоқсан 2023, 2:12

Учаскелік полицей үйдегі жанжалдан асылып қалған азаматты құтқарды

Қарағанды облысында полиция қызметкері асылып қалған азаматты өлімнен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Бұл туралы Polisia.kz жария етті.

Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Есқанат Базыловтың телефонына ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғынынан қоңырау түскен.

Хабарласқан әйел күйеуінің ішімдік ішіп алып, үйде жанжал шығарып жатқанын айтқан.

Мекенжайға барғанда жанжал шығарған 45 жастағы азамат өзінің іс-әрекетін теріске шығармаған.

Әкімшілік хаттама толтыра бастағанда үй иесі үйден шығып кетіп, асылып қалған.

Оның 13 жастағы қызы “әкем асылып қалды” деп айқайлаған.

Полицей есік алдындағы шеберханада асылып тұрғанын көре сала, жерге түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасаған. Сосын дәрігер шақыртып, ауруханаға жеткізген.

Азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бір қалыпты деп бағалауда.

Дәрігерлердің айтуынша, азамат бірнеше минут клиникалық өлім аузында болған.

Ал учаскелік инспектор оны ажалдан арашалап қалды.

Қарағанды облысы Есқанат Базылов ажалдан құтқару Жанжал

Тақырыпқа жаңалықтар