Қазақстан жаңалықтары13 маусым 2024, 23:26

Утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утильалымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұмыс тобының құрамына депутаттар, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ өкілдері кірді. Сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері енді.

Отырысты кіріспе сөзімен ашқан вице-министр петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау әрі тиімді талқылау, сондай-ақ барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін жан-жақты қарау маңызды екенін атап өтті.

Петиция бастамашысы өз сөзінде утиль алымының экономика салаларына, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібіне, құрылыс, жол және арнайы техника өндірісіне тигізетін әсері туралы айтты. Басқосу барысындағы пікірталас аясында оның утиль алымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбын, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайын қозғады.

Атап айтқанда, өндіруші компаниялардың өкілдері утиль алымы алынып тасталса, жұмыс орындары қысқартылатынына алаңдаушылық білдірді. Олар қазіргі уақытта тұрақты және бәсекеге қабілетті жалақымен, әлеуметтік пакетпен және біліктілігін арттыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілген автомобиль өнеркәсібі мен онымен байланысты салаларда өте көп жұмысшы қызмет ететінін еске салды.

Жиналыстың соңында Олжас Сапарбеков оның қатысушылары ең алдымен утиль алымының өзгерістері мен перспективаларын талқылағанын атап өтті. Одан бөлек, Жұмыс тобы мүшелерінің алдағы уақытта өңірлердегі зауыттарға сапарлары кестесі бекітілді. Осылайша жұмыс тобының мүшелері Көкшетау қаласындағы «КАИК» ЖШС, «Kazrost Engineering LTD» және «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, Алматыдағы «Hyundai Trans Auto» ЖШС және «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС, Семейдегі «SemAZ» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, сондай-ақ Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан Машинажасау зауыты» ЖШС мен «Агромашхолдинг KZ» АҚ барады.

Т

утильалым петицияны қарау жұмыс тобы отырыс

Тақырыпқа жаңалықтар