Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 15:55

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Шымкентте ұсталды

Өзбекстан азаматы 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген. Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында 45 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

«Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзбекстан азаматы Шымкент Іздеу Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар