Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2023, 23:23

Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында болды.

«4 қараша күні сағат 15.10-да Январцев ауылы маңында Жайық өзені жағасынан 1967 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм тоңып өлген. Январцев ауылында тұрған ер адам биылғы 14 қыркүйекте жоғалып кеткен, жұмыс істемеген. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексерудің тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізуде» деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Жайық ер адам мүрде

Тақырыпқа жаңалықтар