Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 13:12

Жамбыл облысында иесіз иттерді аулауға 70 млн теңге бөлінген

Биыл Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 69 млн теңге бөлінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді деп жазады Kazinform.

Оның айтуынша, былтыр осы мақсатқа әкімдік тарапынан 55 млн теңге бөлінген. Қаражат есебінен 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылған.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бөлінген қаржыға келер болсам, биыл бұл жұмыстарға өткен жылға қарағанда көбірек қаражат бөлінді, 69 млн 998 мың теңге. Өткен жылы облыста 29387 қаңғыбас ит пен 196 мысық ауланып, оның ішінде 196 ит уақытша ұстау орнына орналыстырылды», – деді ол брифингте.

Жамбыл облысы 70 млн теңге иесіз иттер бюджет

Тақырыпқа жаңалықтар