Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 8:05

«Жәнібектің әкесі болуы мүмкін». ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды

Бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның (Жәнібектің) әкесі болуы мүмкін деп ДНҚ сараптамасын тапсырған азаматтың қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Белгілі тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында сараптама нәтижесін жариялады.

«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін деп ДНҚ анализ тапсырған Бауыржанның нәтижесі 0 пайыз шықты», деп жазды ол.

«Бармысың, бауырым» хабарының жүргізушісі анализ тапсырамын дегендердің лабораторияға арнайы бармай-ақ, хабардың редакторына хабарласу арқылы мәселені құпия түрде шешуге болатынын еске салды

 

 

бельгиялық қазақ бала әкесі ДНҚ

Тақырыпқа жаңалықтар