Placeholder
Фото: Pixabay
Pixabay
Қазақстан жаңалықтары3 қыркүйек 2024, 13:44

Жоғары оқу орындарына тәуелсіз бағалау жүргізіледі

Тәуелсіз бағалау қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында келер жылдың 1 сәуіріне дейін жоғары оқу орындарының білім сапасын тәуелсіз бағалау ұйымдастырылмақ. Бағалау критерийлерінің негізі ОЭСР елдерінің тәжірибесіне негізделеді. Бағалау нәтижесі бойынша жоғары оқу орындары жоғары, орташа және мақсатты лигаларға жіктеледі», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, вице-премьер білім беру гранттарына қатысты өзгерістер болатынын айтты.

«Алдағы жылдары гранттар жоғары оқу орындарының кіретін лигасына қарай және ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл алған, бірақ конкурс аясында өте алмай қалған түлектерді қолдау мақсатында сараланады. Сонымен қатар, осы өзгерістер аясында жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін шекті балдар да қайта қарастырылады», - дейді ол.

ЖОО тәуелсіз бағалау

Тақырыпқа жаңалықтар