Placeholder
Фото: Видеодан скрин
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 15:45

Жүріп бара жатқан көліктен кішкентай бала құлап кеткен

Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәби жол ортасына түсіп қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан сұр түсті жеңіл көліктің есігі ашылып, ішінен сәбидің құлап кеткенін көруге болады. Көлік тоқтап, жүргізуші сәбиге жетем дегенше, автобус баланың дәл жанынан өте шығады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Балаға ешқандай зақым келмеген.

Дереу тоқтаған көліктен әйел шығып, баланы қайта машинаға отырғызған.

lada.kz бейне кадрларға қарап оқыс оқиға Ақтаудағы 26, 27, 12А және 11А шағынаудандардың қиылысында болғанын болжаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

Ақтау Көлік Бала оқы оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар