Аяғын эскалатор қысып қалған әйел құтқарылды
Семейдегі сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғын эскалатор қысып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұны айналадағылар бірден байқап, баспалдақты тоқтатып үлгерген.
Қазір кенеттен ақау шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр.
Мамандардың айтуынша, негізінен эскалатор, жабдықтар ескірген жағдайда тоқтап қалады. Оны жауаптылар дер кезінде ауыстырып отыруы тиіс. Бірақ техниктер тұрғындардың өздеріне де қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстауға кеңес береді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: