Ирандағы нысандарға үшінші түн қатарынан соққы жасалды
Пентагон Ирандағы нысандарға үшінші түн қатарынан соққы жасалды,деп хабарлайды Arbat.Media.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Иранның Кешм аралында және Бендер-Аббаста жарылыстар болды.Трамп сейсенбіге қараған түні Вашингтонның Иранға «өте қуатты» соққылар жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Айтуынша, АҚШ Иранның қазіргі басшылығының өкілдерін де жоюы мүмкін.Сондай-ақ Трамп Ормуз бұғазына қатысты Иранның барлық әскери әлеуетін жою ниеті бар екенін айтты. АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда Таяу Шығыста 50 мыңнан астам америкалық әскери қызметкер орналастырылған.Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, КСИР Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған екі танкерге шабуыл жасаған. Ал БАӘ Қорғаныс министрлігі ирандық қанатты зымырандар Әмірліктердің екі танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді. Салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тапқан.