16 қазанда Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік жүреді
Қазгидромет синоптиктері, 16 қазан сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, түнде ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар күтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. ҚР орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.
Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.