«Әлем аруы-2023»: Томирис Заир отандастарына алғысын білдірді

20 қараша 2023 8:00 / Новости Казахстана

«Әлем аруы-2023» сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысқан Томирис Заир финалдан кейін өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғысын білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан, қолдау көрсеткенің үшін рахмет! Мен сені жақсы көремін! Бұл — керемет тәжірибе және осындай ауқымды жобада сүйікті елімді таныстыруға тамаша мүмкіндік алдым.  Әрқайсыларыңызға сенімдеріңіз үшін, махаббаттарыңыз үшін рахмет», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

Томирис байқаудың арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген қыздармен танысып, олардың мәдениетін аз да болса білгенін тілге тиек етті.  

20 жастағы қазақстандық ару отандастарын өзін танытудан, жеке қарым-қабілетін көрсетуден  қорықпауға және көп армандауға шақырды. 

«Біз армандаған нәрсеге жету үшін мықтымыз, өйткені әрқайсымыз жақсы деген бағаға лайықпыз», - деп қосты Томирис Заир. 

Томирис Заир – Miss Almaty-2022 және Vice Miss Qazaqstan-2022 атақтарының иегері. Ол екінші курс студенті, «маркетинг» мамандығы бойынша білім алып жүр. Соңғы 4 жылдан бері модель болып жұмыс істейді. 6 жасынан бастап музыка мектебінде домбыра мен фортепиано үйренді.

«Әлем аруы-2023» 72-ші халықаралық сұлулық байқауында отандасымыз бірнеше образда өнер көрсетті. 

Еске сала кетейік, «Әлем аруы» байқауында Никарагуа өкілі жеңіске жетті. 

Серіктес жаңалықтары