Алматыда жас жігіт биіктен құлап, қаза тапты
20 қараша 2023 15:54 / Новости Казахстана
Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полиция суицид бабымен тергеуді бастады, Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қайғылы жағдай 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. 2001 жылы туған жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кеткен.
«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінен.
2 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тауып, сегіз бала жетім қалды
2 қараша 2026 17:23 / Новости Казахстана
Атырауда терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды
2 қараша 2026 16:26 / Новости Казахстана
Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды
2 қараша 2026 15:19 / Новости Казахстана
400 млн теңге аударылған: Ақтөбеде есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен дропперлер тобы ұсталды
2 қараша 2026 13:11 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
2 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана