Арбадағы адам жедел жәрдем көлігінің астына түсіп мерт болды

22 қараша 2023 21:05 / Новости Казахстана

Ақмола облысында арбаға танылған екінші топтағы мүгедек, 67 жастағы ер адам абайсызда жедел жәрдем көлігінің астына түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп  жатыр. 

Оқиға 21 қарашада Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған.

«Емхананың тұрағында жедел жәрдем станциясының жүргізушісі «УАЗ» автокөлігімен маневр жасау кезінде мүгедектер арбасында отырған 67 жастағы ер адамды абайсызда басып кетті. Ер адам 2-ші топтағы мүгедек, арабаның көмегімен қозғалады, көліктің артқы жағында тұрған. Зейнеткер алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.

 

 

Серіктес жаңалықтары