Асыраған баласын жетімдер үйіне өткізгендерге айыппұл салынуы мүмкін

9 қазан 2023 14:30 / Новости Казахстана

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова асырап алған баласын жетімдер үйіне өткізген ата-аналарға айыппұл санкциясы енгізілуі мүмкіндігін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Баланы кері қайтарған қабылдаушы ата-аналардың балаларды өз отбасына қайта асырап алу құқығы заңнамамен шектелген. Сонымен қатар сот шешімі негізінде бұрынғы бала асырап алушы ата-аналар баланы күтіп бағу үшін алимент төлейді. Баланы қабылдап алушы бұрынғы ата-аналарға айыппұл санкциясын енгізу туралы ұсынысты мұқият зерделеуді, халықаралық тәжірибені талдауды және қоғамдық талқыға салуды ескере отырып, министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, халықаралық сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құрды. 

Жұмыс тобы бұрынғы қабылдап алушы ата-аналарды жауапкершілікке тартудың әлемдік тәжірибесін зерттеп, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға балалардың қайтарылу себептерін талдайды.

Қажет болған жағдайда бұрынғы баланы қабылдап алушы ата-аналарға айыппұл санкциясын енгізуге қатысты заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. Министрлік жұмыс тобы шегінде бүкіл ұсыныстарды талқылауға әзір.

Автор
Серіктес жаңалықтары