Авторлар қоғамынан шығарылған бір топ өнер майталманы әділдік сұрайды
Алматыда «Қазақстан авторлары қоғамы құрамынан заңсыз шығарылдық» деген бір топ өнер майталманы жиналды. Ақын-жазушы, композиторлар өзін ұйымнан еш негізсіз шеттетілгенін айтып әділдік сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Самат Мәлімбай, мәдениет қайраткері:
— Шығармаларымызды ылғи телеарналардан, радиодан естіп жатамыз. Сахналардан да орындалып жүр. Бірақ авторлар бірде-бір тиын алмаймыз. Ал олар әлі күнге дейін Авторлар қоғамында біздің ақшамызды басқарып отыр. 51 адамды заңсыз шығарып тастағанымен ісі жоқ.
Авторлардың айтуынша, ұйымнан шеттетілген барлық азаматтар елге еңбегі сінген танымал тұлғалар. Барлығы өзіне тиесілі қаламақыдан қағылып отырғанын айтады. Қазір олар сотқа шағым түсіріп, мәселені заң аясында шешуді көздейді.
Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі:
— Бір жылға тарта уақыт болды. Мені Авторлар қоғамынан заңсыз шығарып тастады. Оның қандай себебі бар екенін де түсінбеймін. Белгілі композитарлар, жазушылар ұйымдасып, заң жүзінде авторлар қоғамын сотқа берсек пе дейміз. Тиісті қаламақысын ала алмайтынын болса, онда қазақтың өнері ары қарай не болатынына үлкен күмәнім бар.