Биыл қазақстандықтар 200-ге жуық баланы асырап алды
Елімізде бала асырап алу заң аясында шешіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өткен жылға қарағанда биыл бала асырап алу көрсеткіші көрсеткіші азайған, деп жазады Kazinform.
«Бала асырап алу «Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес жүзеге асады және түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Өткен жылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан – 204, биыл 190 бала асырап алынды. Қазір осындай ұйымдарда 100-ден астам тастанды бала тәрбиеленіп жатыр»,- деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.
Шетелдіктер бала асырап алам десе, аккредиттелген агенттіктер арқылы жүгіне алады. Шешімді сот қабылдайды.
Өткен жылы шетел азаматтары 1 бала асырап алды, биыл шетелдіктер Қазақстаннан бала асырап алған жоқ.
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес бала асырап алған қазақстандық азаматтар баланың кәмелетке толғанға дейінгі өмір сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есеп беруге міндетті. Алғашқы үш жыл ішінде есеп жылына екі рет, содан кейін асырап алынған бала 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын ұсынылуы тиіс», - дейді министрліктен.