Ерлан Қарин тойда уағыз айтқан қонақтың әрекетіне пікір білдірді

4 тамыз 2026 16:21 / Новости Казахстана

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамдағы әсіредіншілдік пен мәдениетті дінге қарсы қоюға бағытталған көзқарастарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда кез келген мәселеде ең алдымен Конституция мен заң талаптары басшылыққа алынуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік шенеунік әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға да тоқталды.

«Тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалдым. Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады», – деді Ерлан Қарин.

Серіктес жаңалықтары