Есірткі саудасына өзге азаматтардың банк картасын пайдалану жиілеген
Елімізде есірткі саудасына өзге азаматтардың банк картасын пайдалану жиілеген. Қаржы мониторингі агенттігі осындай көлеңкелі қылмысқа қатысы бар деген 30 мыңнан астам банк шотын анықтаған. Ондағы қаржы айналымы 22 млрд теңгеден асады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мамандар мұндай қылмыстық схемаға көбінесе қаржылық сауаты жоқ зейнеткерлер мен студенттер тартылғанын айтады. Қаскөйлер оларға онлайн байланысқа шығып, банк картасын пайдалану үшін ақша ұсынған, деп жазады КТК телеарнасы.
Бірақ азаматтар есірткі сатудан түскен ақшаны жылыстату ісіне қатысқанын аңғармай да қалыпты. Өйткені есірткі сатушылар бұл қаражатты өзінің крипто-әмиянына аударып алады.
Дәл осындай жолмен азаматтарды алдап, қылмысқа итермелеген бірнеше қылмыстық топ қолға түсті. Олар жымысқы әрекеттерін Астана, Алматы және Қарағанды қаласында іске асырып келген.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
— Мұндай заңсыз схемаларға қатысу тұлғалардың мүлкін тәркілеу, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады. Жұмыссыздар, студенттер және әлеуметтік осал топ өкілдерінің, алаяқтардың жеңіл жолмен оңай олжаға кенелту уәдесіне леріне сеніп қалу қаупі көп.