ІМ жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады
ІІМ қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Жол жүрісі қағидаларында жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын «Ашық НҚА» порталында жарияланған Жол жүрісі қағидаларынің 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланды.
«Ұсынылған түзетуге сәйкес, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтау үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды. Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды», – деп айтылды ІІМ-де.
Бұған дейін жол қозғалысы қағидалары, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерге өзгеріс енгізілетіні айтылған еді. Жаңа ережеге сәйкес, бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жаяу жүргінші жол қиылысында қозғалысын бастап қойған жүргізушіге маневрін аяқтау үшін жол беруі керек болатын.