Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

9 қазан 2024 2:24 / Новости Казахстана
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

«Жаңа ғана суыт хабар естідім. Көңілім құлазып отыр. Қазақ «аталатсаң да, боталатпа» дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естідім, отбасына қайғырып көңіл айтамын», деді Ләйлә Сұлтанқызы. Ал әнші Мақпал Жүнісова сазгердің ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деген суық хабар естідім деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын», деп жазды Мақпал Жүнісова.

Серіктес жаңалықтары