Министрлік қатерлі ісікті емдеуге бағытталған бюджет қаражатына түсінік берді

12 қараша 2024 14:23 / Новости Казахстана
Фото: Envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қатерлі ісікті емдеуге бағытталған бюджет қаражатына қатысты түсінік берді. «2025-2027 жылдарға арналған бюджетте онкологиялық ауруы бар адамдарға дәрі-дәрмек бойынша бөлінетін қаражат азайды ма?» деген сұрақ қойылды.Е. Нұрлыбаев қатерлі ісік ауруына шалд ыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету өте маңызды мәселе екенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өйткені дәрінің жеткілікті болуы емдеу сапасы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Атап айтқанда, дәрілік препараттарға қатысты өтінім нақты диспансерлік есепте тұрған науқастар тізімі бойынша құрылады. Сонымен қатар, жаңа пациенттердің пайда болатынын ескере отырып, қосымша көлемге өтінім жолданады. Жыл сайын пациенттер саны 20 мыңнан астам адамға өседі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар айтарлықтай күрделі. Қазіргі кезде «СҚ-Фармация» дәрі-дәрмектің таусылмайтын көлемін қалыптастыру жұмысын пысықтады, оның ішінде онкологиялық препараттар да ескерілген», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, келер жылдарға арналған бюджетте дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражат сомасы сақталады.

«Бюджет кем дегенде 2024 жылдың деңгейінде сақталады. Бұл тұрғыда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған бюджет азаймайды. Сондай-ақ дәрілік препараттармен қамтамасыз ету бағытында қаражат қысқармайды. 2025 жылы бюджетті нақтылау бағытында Қаржы министрлігіне жүгіне аламыз. Сол кезде осы салаға бөлінетін қаражат сомасын көбейтуді сұрай аламыз, яғни бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланамыз», - деді Ержан Нұрлыбаев.

 

Серіктес жаңалықтары