Музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
Imanbek «Құрмет» орденіне, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музыкант Иманбек Зейкеновке мемлекеттік награданы салтанатты түрде табыстады.
«Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды Аида Балаева.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.
«Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды министр.