Шығыс Қазақстанда жас бала терроризмді насихаттаған

28 желтоқсан 2023 16:00 / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет өкілдері хабарлағандай, тергеу әрекеттері барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Оған ресми сақтандыру жарияланған. Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды», делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады. Экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарына кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады», деп қосты ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары