Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемеуі мүмкін
Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемеуі мүмкін. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы көмек көрсету жұмысына өзгерістер енгізбек. Бірақ жаңашылдықты түсінбей қалғандар көп. Негізінде қызмет көрсетуге жататын жеделдіктің 4 санаты бар. Біріншісі — шұғыл медициналық көмекті талап ететін, өлім аузында жатқан науқастар болса, төртіншісіне — адам өміріне қауіп төнбейтін созылмалы аурудың асқынуы, құсу, іш өтумен қатар жеңіл жарақаттар жатады. Қазір жедел жәрдем дәрігерлері төртеуіне де қызмет көрсетіп жүр. «Жедел жәрдемді сағаттап күтеміз» деген халықтың арыз-шағымы тікелей осыған байланысты дейді министрліктегілер. Оған қоса шығындарды да толық жаппайды екен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Енді жаңа ережеге сай, төртінші санаттағы науқастарға таңғы сегізден кешкі алтыға дейін емханалардың арнайы мобильді бригадалары қызмет көрсетпек., деп жазады КТК телеарнасы.
Ал мекеменің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін бұрынғыдай жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсете береді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасы 8 қазанға дейін ашық талқылауда болады.
Әсел Қыдырәлиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:
—Халық наразылығы. Екіншіден — өтініштерді жою мақсатында министрліктің жұмысшы тобымен аталған төртінші санаттағы шақыртуларды емханалардың жұмыс уақыты кезінде арнай мобильдік бригадалар арқылы қамтамасыз ету туралы шешім шығарылды. Халық осы уақытқа дейін жедел жәрдемді қалай алып отырса, бүгінгі күні де, ертең бұйрық жобасы бекітиілген күнде де сол күйінше алып отырады. Тек бұл жерде ерекшелік қай бригадамен қамтамасыз етілетіндігінде.