Жетісу облысында жеңіл көлік жүк пойызына соғылды
21 қараша 2023 10:11 / Новости Казахстана
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк пойызына соғылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Панфилов ауданындағы Алтынкөл-Нұркент автожолында болған. Салдарынан көлік иесі жарақат алды.
Жолдағы теміржол өткелінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтамаған «Мерседес» автокөлігін жүк пойызы қағып кеткен. Көлік тізгініндегі жас жігіт жеңіл жарақат алып, ауруханаға түсті.
«Теміржол өткелінде көлік алға жүріп, жүк пойызының вагонымен соқтығысқан. 32 жастағы жүргізуші оқиғадан зардап шекті, ол әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деді Панфилов ауданының полициясы.
Теміржол өткеліндегі апатты жағдайды тексерумен аудандық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.
2 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тауып, сегіз бала жетім қалды
2 қараша 2026 17:23 / Новости Казахстана
Атырауда терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды
2 қараша 2026 16:26 / Новости Казахстана
Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды
2 қараша 2026 15:19 / Новости Казахстана
400 млн теңге аударылған: Ақтөбеде есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен дропперлер тобы ұсталды
2 қараша 2026 13:11 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
2 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана