Атырауда ер адам 10 күннен бері табылмай жатыр

24 қазан 2024 12:34 / Новости Казахстана
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырауда егде жастағы ер адам 10 күн бұрын жоғалып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Жоғарған ер адам туыстарының айтуынша, Жұматай Жапаров 13 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Ол Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын Дамбы ауылдық округіндегі Құрманғазы ауылында тұрған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Осы кезге дейін үйіне кері оралмаған ер адамды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Із-түзсіз кеткен ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалып, хабарлауды сұраймыз», -деп мәлім облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары