Жаңаөзенде 38 жетім бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған

24 қазан 2024 11:34 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

«Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді», - делінген хабарламада.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Серіктес жаңалықтары